Тікелей эфир

Директорлар енді мектептегі психологиялық қызметке тікелей жауапты болады

Қызмет құрамына директордың орынбасары, педагог-психолог және әлеуметтік педагог кіреді.

Оқу-ағарту министрлігі мектеп ішіндегі психологиялық ахуалды жақсарту, сондай-ақ психологиялық проблемалары бар балалар мен дарынды оқушыларға қолдау көрсету мақсатында мектеп ішіндегі психологиялық қызметті жақсартуды көздеп отыр.

Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған министр бұйрығының жобасында жазылған.

Жобаға сәйкес, енді мектептегі психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру тікелей мектеп басшысының міндеті болып табылады. Психологиялық қызмет тобына директордың орынбасары, педагог-психолог және әлеуметтік педагог мүше болады.

Өз кезегінде мектеп басшысы психологиялық қызметтің жұмыс жоспары және құрамын бекітеді.

Жобада, сонымен қатар мектеп психологы мен педагог-психологына қойылатын біліктілік талаптары да өзгеріс тапқан.

Ендігі жерде бұл салада қызмет ету үшін "Педагогикалық ғылымдар" ("Педагогика және психология"), "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" ("Психология") кадрларын даярлау бағыттары жоғары не жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ие болуы қажет. Олардан жұмыс өтілі талап етілмейді.


Оқи отырыңыз: Асхат Аймағамбетов: 80 бала оқитын мектеп пен 1 200 бала білім алатын мектеп директоры бірдей жалақы алады


 

Серіктестер жаңалықтары