USD: 486.5 / 489.5
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Діни уағызшы Дарын Мубаровқа 865 мың теңге айыппұл салынды

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Ол діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратқаны үшін жауапқа тартылды.

Уағызшы Дарын Мубаров діни мазмұндағы материалдарды заңсыз таратқаны үшін соңғы жеті ай ішінде екі мәрте әкімшілік жауапқа тартылып отыр. Бұл туралы Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы хабарлады. 

Басқарма мәліметінше, сот шешімімен Дарын Мубаров әкімшілік құқық бұзушылықты қайта жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Бұл 865 000 теңгені құрайды. 

Айта кету керек, Дарын Мубаров бұған дейін, 2025 жылғы қазанда дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Алайда, ол бір жыл ішінде заң талаптарын елемей, қайтадан тәртіп бұзған. 

"Аталған факт бойынша басқарма қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 8-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды (осы баптың 1-бөлігінің 3) тармақшасында көзделген құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау)", – делінген хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз