Тікелей эфир

Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев дүниеден озды

Қарияның өлімінің себебі хабарланбады.

Димаш Құдайбергеннің атасы қайтыс болды. Бұл туралы журналист Бауыржан Бабажанұлы әлеуметтік желіде жазды.

"Қазақты күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай. Құдайберген аға бақытты ғұмыр кешті. Құдай берген болмысынан бір сәтке де айныған жоқ. Өте қарапайым еді. Төбемізді көрген сәтте-ақ аңқылдай күліп, бауырына басатын", – деп жазды ол.

2019 жылы Құдайберген Айтбаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды. 

Димаш атасы Құдайберген Айтбаев пен әжесі Миуаз Низамутдинованың қолында өскен. Әншінің ата-әжесі осыдан бес жыл бұрын отасқандарының 50 жылдығын тойлаған болатын.

Серіктестер жаңалықтары