
27 мамырдан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында әнші Димаш Құдайбергеннің Stranger жеке концерті көрсетіледі. Бұл туралы ол Instagram аккаунтында хабарлады.
"27 мамырда Қазақстанның барлық кинотеатрларында Stranger жеке концертімнің премьерасы өтеді! Бұл күні мен де сіздермен бірге тамашалаймын! Жақында Алматыда кездескенше, Dears", – деп жазды Димаш Құдайберген.
Ал 26 мамырда Almaty Arena стадионында Stranger концертінің кинотеатрларға шығуына орай ұйымдастырылатын D and Dears атты фан-кездесуі болады.
"Менің шығармашылығыма арналған шоуды, қазақстандық әртістердің қатысуымен, әртүрлі сұрақтарға жауаптарыңызды алып, жаңа әндердің премьералары мен бейнебаяндарын да қатар тамашалай аласыздар. Ал 27 мамырдан бастап Астанада өткен Stranger шоуы 5.1 көлемді дыбыспен және қатысу эффектісімен үлкен экрандарда елімізде алғаш рет кинотеатрларда көрсетіледі", – деп жазды бұл туралы әнші.
Оқи отырыңыз: Димаш – миллиард жанкүйері бар адам. Әншінің фанаттары туралы