Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің кезекті марапатын аты аңызға айналған опера әншісі, КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арнады.
Бұл туралы әнші Instagram-дағы ресми аккаунтында хабарлады.
"Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Күні кеше алған кезекті марапатымды алдағы келе жатқан 95 жылдық мерейтойыңыздың қарсаңында, сіздің құрметіңізге арнауға рұқсат етіңіз. Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін. Құрметті жерлестер! Шын жүректен барлық құттықтауыңызға көп рақмет айтқым келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", – деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram