Депутаттар 18 жастан 29 жасқа дейінгі жетім балаларды бақылауды Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға жүктеу қажеттігін айтты.
Қазақстанда 18 жастан асқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бірыңғай деректер базасын құру қажет. Мәжіліс депутаттары премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған сауалында осындай ұсыныс білдірді.
Депутаттардың жазуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда ересектердің қамқорлығынсыз қалған он мыңдаған жетім бала бар.
"Еліміздің заңнамасына сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жалға тұрғын үй алуға бірінші кезектегі қажеттілігі бар тұлғалар қатарына кіреді. Берілетін тұрғын үй бір адамға кемінде 15 шаршы метр болуы тиіс. Алайда, бүгінгі таңда, көптеген балалар үйлерінің түлектері баспанасыз жүр. 18 жастан асқан жетім балаларды жұмысқа орналастыру, оларды баспанамен қамту және тамақтандыру мәселесі қараусыз қалуда", – деді "Қазақстан Халық партиясы" фракциясының депуты Гауһар Нұғыманова.
Оқи отырыңыз: Сенатор: 70 мыңға жуық жетім бала заңды баспанасын ала алмай отыр
Депутат жетім балалар қараусыз қалса, құқық бұзушылық жасау немесе біреудің теріс әсеріне ұшырау қаупі артатынын айтады.
"Бүгінде депутаттар мен жергілікті атқарушы органдарға жетім балалардан көптеген хаттар мен өтініштер келіп түсуде. Балаларды қорғау үшін қажетті заңдар қабылданғанымен, іс жүзінде балалар үйінің түлектері баспанасыз, далада қараусыз жүруін жалғастыруда", – деген депутат Алтай Көлгіновтен:
- 18 жастан асқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бірыңғай деректер базасын құру;
- 18 жастан 29 жасқа дейінгі жетім балаларды бақылауды (интернаттан кейінгі сүйемелдеу) Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға жүктеу;
- жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің кешенді жоспарын әзірлеуді сұрады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Салауат Мүксімов Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
431
-
0
-
1
-
-
2Бүгін жеңілдетілген 4 пайыздық автонесиеге өтініш беру басталады 🚗
-
436
-
2
-
1
-
-
3Түркияда жер сілкінді, бірнеше қаласында ғимараттар қирады
-
395
-
0
-
2
-
-
4Жеңілдетілген автонесие бойынша өтінім қабылдау аяқталды ма?😢
-
381
-
1
-
2
-
-
5ҰБТ-2023: Жаңа формат қандай?
-
382
-
0
-
2
-
-
6Тоқаев Екібастұздағы пәтерлер мен әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажет шараны қабылдауды тапсырды
-
344
-
1
-
2
-
-
7autonesie.kz сайтына алғашқы бір минутта 125 мың адам кірген
-
335
-
4
-
3
-
-
8👨👩👦 Қазақстанда ата мен әженің немересімен араласу құқығы заңмен бекітілмек
-
337
-
0
-
4
-
-
9Тоқаев Түркия президенті Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
-
309
-
4
-
2
-
-
10Абай облысында жолаушылардың толық шыққанын күтпей, жүріп кеткен автобус жүргізушісі айыппұл төлейді
-
294
-
0
-
2
-