Депутат ұлттық олимпиада комитетін сынады: Бір-біріне айнымас құда-жекжаттар өріп жүр

Ермұрат Бәпи спорт саласындағы жемқорлық пен сыбайластық, таныс-тамырлықты түбімен жою керек екенін айтты.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитетіне жаңа президент келгелі елдің спорттық жетістіктері құлдырай бастады. Мысалы, Токиодағы соңғы жазғы Олимпиада ойындарында біздің спортшылар бірде-бір "алтын" немесе "күміс" медаль алған жоқ, тек 8 қола медальмен қайтты. Ал медальдық есепте біздің еліміз 83-орынға бір-ақ түсті, деп мәлімдеді депутат Ермұрат Бәпи. 

1994 жылдан 2014 жылға дейінгі Жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар тұрақты түрде 4-5 орын алып келген еді. 2018 жылы 9-орынға, ал 2023 жылы 11-орынға түсті. 

"Осы тәуелсіздік жылдарында біздің спортшылар 11 спорт түрінен 14 алтын, 22 күміс және 35 қола медаль жеңіп алды. 1996 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан барлық жазғы Олимпиада ойындарында ешқашан алтынсыз қалмай, әлемдегі үздік 40 елдің қатарынан түспеді. Бұл ретте елімізде футболдың біршама қарқынды дамып жатқанын атап өткен жөн. Ел президентінің өзі ұлттық құрама ойынына қолдау көрсету үшін, соңғы кездері футболға арнайы барып жүр. Тағы бір атап өтерлік жәйт – Тимур Құлыбаев келгелі ұлттық олимпиада комитетінің басшылығына кілең "Ескі Қазақстанның" өкілдері іріктеліп алынды. Оның ішінде, бір-біріне айнымас құда-жекжаттар мен миллиардер күйеудің олигарх-достары өріп жүр", – деді Ермұрат Бәпи. 

Сонымен қатар ол комитетке мүше болып сайлануға 70 жастық шектеу белгіленгеніне тоқталды. Айтуынша, бұл жарыстарға жеңіске жетуге кедергі. 


Оқи отырыңыз: Бейжің Олимпиадасында Қазақстанға қола да бұйырмады. Спорттың тоқырауына не себеп?


"Оның үстіне, баршаға мәлім, Тимур Құлыбаев Қазақстанның ең ірі 50 жеке бизнесі қатарына кіретін компаниялардың активтерін иелене отырып, бірқатар ірі бизнес жобаларды бақылайды, Оның ішінде: "АЛМЭКС" холдингтік тобы, "Каспий Мұнай" және Retro Retail мұнай компаниялары бар. Мұндай шамадан тыс жүктемемен оның олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға мүлдем уақыты жоқ деуге болады! Оның ойы елдің мұнайын сатып, қалтасын толтыру. Спортты қайтсын?! Сондықтан да ұлттық олимпиада комитетінің жұмысында "Әділетті Қазақстан" бағытында трансформация әлі де жүріп жатқан жоқ", – деді депутат. 

Осы орайда Ермұрат Бәпи ұлттық олимпиада комитетіне келесі түбегейлі өзгерістер керек екенін атап өтті:

  1. Париждегі олимпиада алдындағы лицензиялық спорттық турнирлерге бай-бағыландардың өкілін емес, ауылдан шыққан, көкірегінде намысы бар патриот, кәсіби спортшыларды апару қажет.
  2. Спорт саласындағы жемқорлық пен сыбайластық, таныс-тамырлықты түбімен жою керек.
  3. Ұлттық олимпиада комитетінің басшылық құрамына ревизия жасап, оларды тек жас, Жаңа Қазақстан өкілдерімен жасақтау керек.

Оқи отырыңыз: Тимур Құлыбаев Kazenergy қауымдастығының төрағасы қызметінен кетті


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау