Тікелей эфир

Депутат Бейсенбаев: Ұлттық қорға қол сұғуды доғару керек

Биыл Ұлттық қордан 6,6 триллион, ал келесі жылы тағы 5,3 трлн теңге алынады.

Мәжілістің жалпы отырысында Amanat партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев бюджеттік саясаттың басты сын-қатерлерін баяндап, нақты мәселелерді көтерді, деп хабарлады Amanat партиясының баспасөз қызметі

"Бүгінде бюджет қаражатының 92%-ы міндетті шығыстарды жабуға жұмсалса, тек 8%-ы ғана еліміздің болашағына инвестиция ретінде бағытталады. Бұл жағдай халықтың өмір сапасын арттыруға және еліміздің серпінді дамуына кедергі келтіруде. Сонымен қатар 2024 жылы бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан қаражат алу шекті деңгейге жетті", – деді мәжіліс депутаты. 

Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, биыл Ұлттық қордан 6,6 триллион, ал келесі жылы тағы 5,3 трлн теңге алынады. Бұл – шамамен 24 миллиард АҚШ долларына пара-пар. Ол – жалпы Ұлттық қор көлемінің үштен біріне тең сома. 

"Ұлттық қордың негізгі мақсаты – келер ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз ету. Болашақ ұрпақтың несібесіне қол сұғуды доғару керек. Қазір оны еліміздің барлық ата-аналары мен балалары қадағалап отыр. Ұлттық қорға арқа сүйеудің де шегі бар. Президент айтқандай, "Ұлттық қор – балаларға!". Бұл тек экономикалық мәселе емес, бұл – біздің моральдық жауапкершілігіміз. Ұлттық қорды сақтамасақ, келешек ұрпақтың алдында кешірілмес қателікке жол береміз", – деді Елнұр Бейсенбаев.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары