2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі өзгереді.
Жолданған өтініштердің барлығын уақытылы өңдеп, жаңа түскендерін қабылдап үлгеру үшін Отбасы Банк қызметкерлері Наурыз мейрамында жұмыс істейтін болады. БЗТ аударылатын депозитті немесе арнайы шотты қашықтан ашуға болады. Ол үшін 300 нөміріне немесе банк сайтындағы сілтеме арқылы бейнеоператорға хабарласу қажет. Қоңыраулар демалыс күндеріне қарамастан 19, 20, 21 және 22 наурыз күндері қабылданады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Enpf-otbasy.kz платформасы да қазақстандықтарға 24/7 режимінде, демалыс пен мереке күндері де қолжетімді болмақ.
"Соңғы 3 күнде enpf-otbasy.kz платформасына 157 мыңнан астам өтініш түсті. Ең көп таңдалған мақсаттардың ішінде: Отбасы банкіндегі салымды толықтыру, емделу және ипотеканы ішінара өтеу. Қазақстандықтардың БЖЗҚ-нан сұратып жатқан ең төменгі сомасы – 200 теңге", – делінген банк хабарламасында.
Өтініш бергендердің орташа жасы 36-45 жас аралығында. Платформаны пайдаланушылардың дені – ер адамдар.
Оқи отырыңыз: "Шаңырақ", "Ұмай", "Жас отбасы". 2022 жылы баспаналы болудың жеті жолы
"2022 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегі өзгереді. БЗТ-ін қазіргі шарттармен пайдалану үшін қазақстандықтар 2022 жылдың 29 наурызына дейін enpf-otbasy.kz платформасына өтініш беріп үлгеруі қажет. Отбасы банк өтінішті 2 күн ішінде қарап, БЖЗҚ-на жібереді. БЖЗҚ 2022 жылдың 31 наурызына дейін қабылдаған өтініштер бойынша БЗТ-ін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейінгі бұрынғы шекті мәндерге сәйкес төлейді", – деді баспасөз қызметіндегілер.
Азаматтардан жолданған өтініштердің көп болуына байланысты бірнеше күн бойы enpf-otbasy.kz платформасының жұмыс қабілеттілігінің баяулауы байқалды. Қазір оның жұмысы қалпына келтірілді.
Еске салсақ, Ұлттық банк Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын тек екінші деңгейлі банктер мен өздеріне берілген лицензия негізінде банктік емес айырбастау пунктері ғана жүргізуге құқылы екенін хабарлаған болатын.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
123 мамырдан бастап Астана-Анкара тікелей рейсі қосылады ✈️
-
446
-
0
-
5
-
-
2Ақтөбеде есірткі сатқан тұрғын ұсталды
-
421
-
0
-
1
-
-
37 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтеді
-
397
-
0
-
1
-
-
4Қызылорда облысында оқушылар мектепке қайықпен қатынауға мәжбүр болған
-
405
-
0
-
2
-
-
5Шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 2029 жылға қарай 5 миллионға жуықтайды
-
386
-
0
-
1
-
-
6Дінтану негіздері, қостілді оқулықтар. Мектеп бағдарламасына қандай оқу кітаптары қосылады?
-
405
-
0
-
2
-
-
7Алимент төлемеген 16 мың азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды
-
391
-
0
-
0
-
-
8Ақпарат министрі: Журналист пен блогерді айыру үшін баспасөз картасын енгіземіз
-
361
-
0
-
1
-
-
9Қуантыров: бала Ұлттық қордан үлесін алу үшін 18-ге толғанға дейін азаматтығын ауыстырмауы керек
-
344
-
0
-
0
-
-
10Құстардың ұшақтарға соғылуы: Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін комитет құрылады
-
302
-
0
-
0
-