USD: 485.1 / 489.1
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Demalys Қазақстан әйелдері үшін қауіпсіз саяхат бағыттарын атады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Тізімге сегіз ел енген.

Demalys туристік медиасы әйелдердің саяхаттауы үшін барынша қауіпсіз саналатын 8 елдің тізімін жариялады. Іріктеу кезінде Global Peace Index және Numbeo деректері мен Қазақстаннан оңай жету, мәдени жайлылық, түсінікті қала инфрақұрылымы, тұрақты байланыс пен цифрлық сервистерге қолжетімділік сынды критерийлер назарға алынған. Нәтижесінде БАӘ, Жапония, Нидерландтар, Сингапур, Жаңа Зеландия, Португалия, Словения және Исландия әйелдердің саяхаты үшін қауіпсіз елдер болып танылған. 

Айта кетейік, Қазақстанда саяхаттың Solo, яғни жалғыз сапарға шығу түріне бейіл әйелдер саны артып келеді. Aviasales зерттеуінше, Қазақстан әйелдерінің 62 пайызы жалғыз өзі саяхатқа шығып көрген. Ал тағы 20 пайызы Solo саяхатқа шығуға қарсы емес. 

"Бұл көрсеткіш Ресей мен Өзбекстанға қарағанда төмен болғанымен, Solo саяхатқа деген қызығушылық жоғары: әрбір бесінші әйел мұндай сапарға шығуды ойлап жүр. Ал жеке саяхат жасау тәжірибесі бар әйелдердің 49 пайызы соңғы 2-3 жылда жалғыз өзі сапарға шығуды жиілеткенін айтты", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, сауалнама барысында әйелдердің жалғыз өзі саяхатқа шықпауының себептері де анықталған. Бұл ретте олар (32%-ы) қауіпсіздік үшін алаңдайтынын айтса, тағы 20%-ы жалғыздықтың жалықтыратынын айтқан. 

"Solo саяхатқа бір рет қана шыққан әйелдер алдағы уақытта саяхатқа топпен шығуды жөн көретінін жеткізсе, ал бірнеше рет шығып көргендер үшін бұл үйреншікті жағдайға айналған. Сәйкесінше тәжірибе артқан сайын қорқыныш та азаятынын байқауға болады", – делінген зерттеу қорытындысында. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз