Еліміздің батысында ғана күн сәл жылынады.
18-20 мамырда қазақстандықтар жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Синоптиктердің айтуынша, мұндай ауа райы оңтүстік циклонмен байланысты болады. Найзағай ойнап, нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің солтүстігі мен орталығында күндіз ауа температурасы +10...+18 дейін, шығыс пен оңтүстікте +15...+23 градусқа дейін жылы болады.
Оқи отырыңыз: Демалыс күндері Қазақстанның көптеген аймақтарында жаңбыр жауады
Республиканың батысында оңтүстіктен келетін жылы ауа ағындарына байланысты аздап жылы болады. Мұнда күндіз ауа температурасы +15...+23 градус болады.