Қазақстан қор биржасындағы 23 ақпандағы сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 449,88 теңге болды.
Бір тәулікте доллар бағамы 0,58 теңгеге төмендесе, бір айда 4,11 теңгеге көтерілді. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында долларды 450-451 теңгеден сатып алып, 451,5-452 теңгеден сатуда. Еуро 487-488 теңгеден сатып алынса, 490-491 теңгеден сатылуда. Айырбастау орындарында рубльді сатып алу – 4,77-4,78 теңге, сату – 4,83-4,87 теңге.
ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің бағасы барреліне 82,7 долларды құрайды.
Оқи отырыңыз: Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
Биыл қаңтар айында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2024 жылы доллар бағамының күрт өзгеруі болмайтынын айтқан. 2023 жылы теңге 1,72%-ға нығайды. Ұлттық банк басшысының айтуынша, бұл – сирек кездесетін жағдай.