USD: 484.7 / 487.3
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.05
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Дауыл, бұршақ, жаңбыр: 17 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жарияланды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Оңтүстікте дауыл, солтүстікте тұман түседі.

"Қазгидромет" 17 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялап, елдің басым бөлігінде күрт өзгерістер болатынын ескертті.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл жиілейді. Әсіресе Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын мен тұман күтіледі. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Осындай ауа райы Шымкент пен Түркістан қалаларында да байқалады.

Жетісу облысында да ауа райы тұрақсыз болады. Таулы аймақтарда қатты жауын-шашын, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Алматы облысында, соның ішінде Іле Алатауы маңында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі. Күндіз бұршақ аралас дауыл соғып, желдің екпіні 17–22 м/с, кей уақытта 28 м/с-қа дейін жетеді. Алматы мен Қонаев қалаларында найзағайлы жаңбыр болжанып отыр.

Орталық және шығыс өңірлерде де жағдай күрделі. Ұлытау облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысында жауын-шашын қармен араласып, жолдарда көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Батыс өңірлерде негізінен тұман түседі. Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы және Маңғыстау облысында, сондай-ақ Орал мен Ақтау қалаларында көріну қашықтығы төмендейді.

Қызылорда облысында жел күшейіп, шаңды дауыл болуы мүмкін. Өңірде жаңбыр мен найзағай қатар жүреді, желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Солтүстік өңірлерде де жел күшейеді. Қостанай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында тұман мен екпінді жел күтілсе, Павлодар облысында желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін барады.

Жамбыл облысында жаңбыр, найзағай және бұршақ аралас дауыл болжанып отыр. Таулы аймақтарда түнде қар аралас жауын-шашын болуы мүмкін.

Синоптиктер бірқатар өңірде өрт қаупі сақталатынын да ескертті. Сонымен қатар, көктайғақ пен желдің күшеюі тұрғындар үшін қосымша қауіп төндіруі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз