Дархан Қыдырәлі Шымкентте Азаматтық ресурс орталығының жұмысымен танысты

Дархан Қыдырәлі Шымкентте Азаматтық ресурс орталығының жұмысымен танысты
Қаладағы Азаматтық альянс құрамына 57 үкіметтік емес ұйым тіркелген.

Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі үшінші мегаполистегі Азаматтық ресурстық орталықта болды. Ол Азаматтық альянс пен оның құрамына енетін үкіметтік емес ұйымдардың жұмысымен танысты.

"Қаламызда үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғамның өкілдері көп, олар белсенді жұмыс атқаруда. Солардың барлығын бір ортаға жинау қажеттігі туындаған соң, осындай шағын коворикинг орталық құрылды. Міне, содан бері бір жылдан асты – барлығы бір ортада бас қосып, ақылдасып, жұмыла жұмыс істеуде. Жалпы, Азаматтық альянс құрамына 57 үкіметтік емес ұйым тіркеліп, осы жерден қызмет алуда. Мысалы, Азаматтық ресурстық орталықтың мамандары оларға заңгерлік көмек, түрлі кеңестер беріледі, жобалар жазуда қол ұшын созады", – деді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау