
Төлежан Барлыбаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
Елші лауазымына Төлежан Барлыбаев тағайындалды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды", – деп жазылған Ақорда хабарламасында.