Дәріханада екпе алуға бола ма: Заңсыз медициналық қызмет көрсеткендер жазаланады

Лицензиясыз медициналық қызмет көрсеткені анықталған дәріханалар жабылады.

Информбюро тілшісі Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттан кей дәріханаларда көрсетілетін ақылы екпе не система салу қызметінің заңдылығы туралы сұрады.

"Лицензиясыз медициналық қызмет көрсетуге ешкімнің құқығы жоқ. Шымкент қаласы, Түркістан облыстарында дәріханалардың ішінде медициналық қызмет көрсететіні туралы мәселе көтерілген болатын. Ол кезде үлкен коллегия өткізіп, заңсыз жұмысты тоқтатуды сұрағанбыз", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Ажар Ғиният Астана медицина университеті туралы: Қатаң шара қолданамыз


Министрдің айтуынша, лицензиясыз жұмыс жасап жатқан мекемелерді анықтаумен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті айналысады.

"Комитет жеке бизнесті тексеруге себепсіз бара алмайды. Сол себепті халықтан немесе журналистерден шағым түссе, дәріханаларды тексере алады", – деді министр.

Министр медициналық қызметті лицензиясыз көрсетіп отырған дәріхана анықталса, оны жауып тастауға дейін шара қолданылатынын айтты.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары