USDUSD: 501.7 / 504.3
  • EUREUR: 542.5 / 546.5
  • RUBRUB: 5.79 / 5.93
Тікелей эфир
Алматы +15C
Все города

Данияда 18 жасқа толған қыздар да әскер қатарына шақырылуы мүмкін

Фото: Армия.аз
Фото: Армия.аз
Дания әскери сала әйел адамға тән емес деген ұғымды бұзған Еуропадағы екінші мемлекет.

Данияда 18 жасқа толған қыздар да әскер қатарына шақырылуы мүмкін, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жаңашылдық келесі жылдан бастап енгізіледі деп жоспарланған. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрі Троелс Лунд Поульсен мәлімдеді. 

Доуче веле арнасының мәліметінше, Скандинавия елінде 2026 жылдан бастап әскери қызметтің мерзімі 4 айдан 11 айға дейін ұзартылмақ. Жалпы, Дания корольдігінде әскерге өз еркімен баратындар көп екен. Сондықтан шақырту алған жігіттердің барлығы бірдей Отан алдындағы борышын өтей бермейтін көрінеді. Енді бұл қатарға қыз-келіншектер де қосылмақ. 

Дания әскери сала әйел адамға тән емес деген ұғымды бұзған Еуропадағы екінші мемлекет. Швед арулары 2017 жылдан бері темірдей тәртіпке бағынып, сап түзеп келеді. 

Сонымен қатар Дания үкіметі Дональд Трамптың Гренландияға қатысты мәлімдемесінен кейін Арктикадағы қорғанысқа миллиардтаған қаржы жұмсайтынын хабарлаған болатын. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары