​Дана Әбдірова дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

​Дана Әбдірова дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ол қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Қазақстандық жас дзюдошы Дана Әбдірова дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Перудің Лима қаласында басталған әлем біріншілігінде ол ел қоржынына алғашқы жүлдені салды.

Дана Әбдірова қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Жарыс барысында барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде Эльвира Гурьеваны (IJF), Коралина Сиенниканы (Польша) жарыс жолынан шығарды. Ширек финалда Жапония спортшысы Уено Асукадан айласын асырса, жартылай финалда Андраде Жованнаны тізе бүктірді. Алайда отандасымыз финалда жапониялық жас дзюдошы Мио Шираканеге есе жіберді.

Айта кетерлігі, дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатын Лимада (Перу) өтіп жатыр. Аталған додада әлемнің 65 елінен 463 жас татами шебері бақ сынауда.

Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі – "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес – "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау