Кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорының атын жамылған алаяқтар 200-ге жуық адамға кемі 1,5 миллион теңгеден ақшалай және заттай несие рәсімдеткен. Алданған тұрғындар Медеу ауданы полиция басқармасына жиналып, қала көшелерінің бірін жапты, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
"Олар: "20 млн теңге шығару үшін несие тарихыңды жақсарту керек. Алайда, тауарды бізге бересіз. Біз оны қайта өткізіп, сізге үлкен сомада қаражат алып береміз" деді. Дүкенге барып бір жарым миллион теңгеге әрқайсысы 600 мың тұратын екі телефон мен құлаққап алдық", – деді жәбірленуші Гүлназ Керімқұлова.
Тұрғындар осы уақытқа дейін күдерін үзбей күтіп, қаражатты қайда жұмсайтынын жоспарлаған.
"Өзім құрылысшымын, техника мен трактор алайын деп едім. Тағы біреулер мал алмақшы болды", – деді жәбірленуші Медет Тоқтарбаев.
Оқи отырыңыз: Алаяқтар жарнамаға Тоқаевтың есімін пайдаланған. ІІМ мұндай 70 деректі анықтады
Тұрғындар екі күдіктінің ұсталғанына қарамастан, тергеудің дұрыс жүргізілмей жатқанын айтады.
"Қазір екі азамат ұсталып, қамауда отыр. Екеуінің үстінен ҚР ҚК 190-бабының 3-тармағы бойынша яғни, "аса ірі көлемде алаяқтық дерегі" бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бұл бапқа сәйкес, қылмыскер 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-