City Run: 16 қарашада Алматыда жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Биыл жарысқа 20 елден келген 2 500 адам қатысады.

2025 жылғы 16 қарашада Алматыда маусымның соңғы City Run жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Қала әкімдігінің хабарлауынша, жарыс күні сағат 08:00–10:00 аралығында бірқатар көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

  • Төле би көшесі Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейін 15 қараша сағат 04:00-тен 16 қараша сағат 12:00-ге дейін толық жабылады.
  • Наурызбай батыр, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Шевченко және Құрманғазы көшелерінде қозғалыс кезең-кезеңімен сағат 08:00–10:00 аралығында тоқтатылады.
  • Балама бағыт – Мақатаев көшесі, мұнда екі бағытта да қозғалыс ашық болады.

Жарыстың сөресі мен мәресі Астана алаңында орналасады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары