Тікелей эфир

Чемпион балуандар кезектен тыс президент сайлауында өз таңдауын жасады

Тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,31 пайызы бюллетень алған.

Қазақстанның кезектен тыс президент сайлауында балуандар Айбек Нұғымаров, Мақсат Исағабылов, Ержан Шынкеев, Мұхит Тұрсынов, Ержан Ереңқайыпов та дауыс берді, деп хабарлайды Qazaqstan Barysy қазақ күресін қолдау және дамыту қорының баспасөз қызметі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QAZAQSTAN BARYSY (@qazaqstan_barysy)

Қазақ күресінен ел мақтанышына айналған балуандар – қазақ күресінен төрт дүркін әлем чемпионы және бес дүркін Азия чемпионы, үш дүркін Әлем Барысы, екі дүркін Қазақстан Барысы – Айбек Нұғымаров, биылғы Қазақстан барысы – Мақсат Исағабылов, қазақ күресінен Азия және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы мен жүлдегері, Лондондағы Олимпиада ойындарының қатысушысы – Ержан Шынкеев, 2014 жылғы Қазақстан Барысының жеңімпазы – Мұхит Тұрсынов, сондай-ақ, қазақ күресінен Әлем чемпионатының жүлдегері Ержан Ереңқайыпов пен қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері –Тоқтарбек Айдарбек өздерінің азаматтық борышын орындап, сайлау учаскесіне барып дауыс берді. 


Оқи отырыңыз: Отау құрған жас жұбайлар сайлау учаскесінде дауыс берді


"Тәуелсіз Қазақстанның өркендеп дамуына, елдің ертеңі үшін ұлттық спорт өкілдері де алаңдайды. Ел президентін сайлау – әрбір қазақстандық азамат үшін маңызды қадам. Біздің палуандарымыз баршаңызға, әсіресе жастар үшін үлгі болады деп үміттенеміз, әркім өз таңдауын жасайды!" – делінген хабарламада. 

Серіктестер жаңалықтары