Оған пара алды деген айып тағылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірдің ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бап, 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын хабарлады.
"ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекс бойынша, бұл бап бойынша айыпталғандардың мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Оқи отырыңыз: Арыстанбек Мұхамедиұлы 11 жылға сотталды