Тікелей эфир

Cambridge мамандары Шығыс Қазақстан облысындағы тарихи ескерткіштерді зерттеді

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылы аумағында қазба жұмыстары жүргізілді.

Шығыс Қазақстан облысында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы Кембридж университетінің мамандарымен бірлесіп қола және ерте темір дәуірі ескерткіштеріне зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚазҰУ археология, этнология және мұражайтану кафедрасының меңгерушісі Ринат Жұматаевтың жетекшілігімен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылы аумағында қазба жұмыстары жүргізілді.

Дала жұмыстары барысында Айнабұлақ – Темірсу қорымының толық топографиялық жоспары жасалып, бірнеше қорғандар зерттелді.

Қорғандардың бірінде әйел жерленген жерден қоланың бөлшегі мен ілгіш, қола тостаған, 180 асық және бақа бейнеленген қола зат табылды. Бір мезгілде үш көне қоныс анықталды.

"Қазба жұмыстары кезінде біз шетелдік мамандармен бірге даладағы бейіт ішіндегі металл заттар, сүйектер мен топырақ үлгілерін алдық. Болашақта Кембридж университетінің зертханаларында толыққанды зерттеулер жалғасады", – деді экспедиция басшысы.


Оқи отырыңыз: Президент: Қазба байлыққа ғана арқа сүйеп, қамсыз отыратын заман келмеске кетті


 

Серіктестер жаңалықтары