Тікелей эфир

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Димаш Құдайбергенмен кездесті

Ол Димаштың шығармашылығын әлем бойынша миллиондаған адам еститінін айтты.

Бүгін БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш әнші, Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі Димаш Құдайбергенмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстандағы БҰҰ баспасөз қызметі.

Бас хатшы Димаштың шығармашылығын әлем бойынша миллиондаған адам тыңдайтынын, оның дауысы адам құқықтарын қорғауға қабілетті екенін атап өтті.

ХКҰ-ның ізгі ниет елшілері бағдарламасының мақсаты – белгілі және құрметті мәдениет, өнер және спорт қайраткерлерін тарту және көші-қонға қатысты мәселелерді қамту.

Еске салайық, биыл қазақстандық музыкант, әнші және композитор Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының аймақтық ізгі ниетті елшісі болып тағайындалған еді.

Серіктестер жаңалықтары