Бұтақты шатқалында 700-ден астам адам бас қосты

Алматыдағы Бұтақты шатқалында 700-ден астам адамды біріктірген ауқымды сенбілік өтті.

Іс-шараны қалалық Дін істері басқармасы "Social Development Center" қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырды.

Тазалық жұмыстарына әртүрлі діни конфессия өкілдері, қоғам белсенділері, еріктілер және қала тұрғындары қатысты. Қатысушылардың барлығы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Сенбілікке қатысушыларға күн сайын мыңдаған табиғатсүйер қауым келетін танымал тау бағытын тазарту міндеті жүктелді.

"Біз Алматы үшін айрықша маңызы бар көркем жерде тұрмыз. Медеу ауданы әкімдігі тарапынан күз мезгіліне дейін бұл аумақтың тазалығын қадағалап, тәртіпті сақтаймыз", – деді Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин.

Сенбілікті өткізу үшін Бұтақты шатқалының таңдалуы кездейсоқ емес. Алматы қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Қиқымов бұл орынның символдық мәніне тоқталды.

"Сенбіліктер қаланың әртүрлі бөліктерінде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Әртүрлі дін өкілдерінің алматылықтардың ең сүйікті демалыс орындарының бірінде ортақ мақсат жолында бірігуі – ерекше мәнге ие. Алматы – бәріміздің ортақ үйіміз", – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар үшін сенбілік өтетін орынға барып-қайтуға тегін тасымал ұйымдастырылды.

Көптеген қатысушы үшін бұл сенбілік экологиялық шара ғана емес, нағыз бірлік мерекесіне айналды.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз