Елжан Біртановқа бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Астананың Сарыарқа аудандық соты бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты үкім шығарды.
"Сот үкімімен: Біртанов Елжан Амантайұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 3-бөлігі бойынша санитарлық авиацияны пайдалану эпизоды бойынша кінәсіз деп танылсын және іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты ақталсын. Біртанов Елжан мен Әбішев Олжас Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, Біртановқа – осы бап бойынша бес жыл мерзімге бас бостандығын шектеу, Әбішевке төрт жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалсын", – деп сот үкімін судья Әлкенов оқыды.
Айыптаушы тарап өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты – алты жылға, бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевті бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ олардан мемлекетке келтірілген шығын – 1,5 миллиард теңгені төлеуді талап етті.
Оқи отырыңыз: Елжан Біртанов: "Бостандықта жүрсем, елге көбірек пайдам тиер еді"
Еске салайық, Елжан Біртанов 2020 жылдың 7 қарашасынан бері үйқамақта отыр. Ол алғашында аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, кейін бұл бап "Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" болып өзгертілді. Сот отырыстарында Елжан Біртанов сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерге қатысы жоқтығын бірнеше рет айтқан. Экс-министр билігін асыра пайдалану туралы айыпты да мойындамады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген
-
352
-
0
-
0
-
-
2🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
308
-
0
-
1
-
-
3🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
297
-
0
-
0
-
-
4💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
297
-
1
-
1
-
-
5👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
311
-
0
-
3
-
-
6🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
315
-
0
-
2
-
-
7📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
-
334
-
1
-
1
-
-
8🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр
-
326
-
0
-
0
-
-
9🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
309
-
0
-
0
-
-
10🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
291
-
0
-
0
-