"Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туристік және рекреациялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жер учаскелерін ұзақ мерзімге жалға беретінін мәлімдеді.
Бұл бастама Бурабай курорты аумағында қонақ үйлер, этноауылдар және демалысқа арналған түрлі туристік нысандар салуға мүмкіндік береді.
"Жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа туристік аймақтарды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес іске асырылып отыр. Атап айтқанда, "Ақбура", Жүкей көлі, Қатаркөл және Текекөл аумақтарын дамыту көзделген. Осы мақсатта ұлттық парк туристер сирек баратын, бірақ инвестициялық әлеуеті жоғары жерлерді айқындап, инвесторларға арналған арнайы жер телімдерін дайындап жатыр", – делінген хабарламада.
Ұлттық парк әкімшілігінің хабарлауынша, жер учаскелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес, барлық экологиялық талаптар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғау режимдері сақтала отырып беріледі.
Жер телімдерін жалға беру тәртібі мен шарттары туралы толық ақпарат "Бурабай" ұлттық паркінің ресми сайтында жарияланатын болады.
USD:
497.1 / 500.1
EUR:
588.0 / 592.0
RUB:
6.43 / 6.55