Талдықорғандық оқушылардың ерсі әрекеті дүйім елді шошытты, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жеткіншектердің ұл баланы дәретханаға кіргізіп, белдігін шешіп жатқаны байқалады. Жаға ұстатар жағдай желіде қызу талқыланып жатыр. Кейінгі жылдары мектептерде бұзық балалардың озбырлығы, әлімжеттік белең алып барады. Ал мәжіліс депутаттары мектептерге инспекторларды қайтару керек деп отыр.
Дәретханада әдепсіз әрекетке барғандар Абай атындағы мектеп-гимназияның 8-9 сынып оқушылары. Олар шектен шыққан ерсі қылықтарын полицияға "бұл жай ғана ойын" деп түсіндіріпті.
Көпшіліктің наразылығын тудырған жағдайдан кейін мектептегі бірнеше маман лауазымдық қызметінен босатылды. Сонымен қатар үш ата-ана айыппұл арқалады.
"Осы мәселе бойынша мектептің екі сынып жетекшісі лауазымдық міндеттерінен босатылды. Сонымен қатар тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары өз еркілерімен жұмыстан босатылды. Мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды", – деді Жетісу облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қасымов.
USD:
507.9 / 511.3
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.49 / 6.61