Тікелей эфир

Бүгін Қазақстан алғаш рет Әкелер күні мерекесін атап өтіп жатыр

Мереке маусым айының үшінші жексенбісіне бекітілді.

Наурыз айында Ашық НҚА сайтында жарияланған үкімет жобасында Әкелер мерекесі күнін бекіту туралы ұсыныс көтерілді. Қаулы қабылданған жағдайда Әкелер күні маусым айының үшінші жексенбісіне белгіленуі тиіс болатын. 

Араға екі ай салып, премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті үкімет қаулысына қол қойып, Әкелер күні мерекесі ресми бекітілді. 

Мерекені белгілеуге бастамашы болған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, аталған мереке еліміздегі отбасы институтын нығайтуға ықпал етпек.


Оқи отырыңыз: Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады


"Мерекелік күндердің тізбесіне "Әкелер күні" мерекесін енгізу Қазақстандағы отбасылық құндылықтарды ілгерілетуге, отбасы институтын нығайтуға, сондай-ақ әкелер институтын дамытуға ықпал етеді. Мұндай мереке көптеген әлем елдерінде бар", – деді министрліктегілер. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары