Бүгін "Қайрат" пен "Реал Мадрид" матчының билеттері сатылымға шығады. Бір адамға 2 билеттен артық берілмейді

Фото: "Кайрат" футбол клубы
Фото: "Кайрат" футбол клубы
Алматыдағы тарихи матчқа билет сату ережелері жарияланды.

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Билеттер сатылымы 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталады. Бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін, секторға байланысты өзгереді:

  • Батыс трибуна 1–9 сектор (1–2 қатар) – 30 мың теңге;
  • Солтүстік/Оңтүстік трибуналар – 75 мың теңге;
  • Шығыс трибуна – 150 мың теңге;
  • Батыс трибуна – 250 мың теңге.

Ережеге сәйкес, бір адамға екі билеттен артық сатып алуға болмайды. Билет алу кезінде және стадионға кіргенде жеке куәлік немесе төлқұжат деректері тексеріледі.

Билеттерді Ticketon платформасы, FCKAIRAT.COM сайты және Qairat Superapp қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары