"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 29 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, дауыл, түнде еліміздің шығысында қатты жаңбыр күтіледі, күндіз Казақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады, Атырау облысында қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының соолтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында өте қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Ұлытау облыстарында, Атырау облысының батысында, Қарағанды облысыныңсолтүстік-батысында,оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт өрт қауіпі күтіледі.
Маңғыстау, Түркістан облыстарында, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Қостанай облысыныңоңтүстігінде, Қызылорда облысыныңорталығында, оңтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.