"Қазгидромет" РМК синоптиктері 15 шілде, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Оңтүстік циклон және онымен бірге келетін атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта күн күркіреп, бұршақ болады. Қатты желмен бірге нөсер жауын жауады.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, солтүстікте түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
Күндіз Алматы, Атырау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Атырауда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстауда, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Жамбыл облысының батысында және Ұлытауоблысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, шығысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Атырауоблысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.