Тікелей эфир

Бүгін бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауып, күн суиды

Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 10 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, оңтүстік өңірлерде – найзағай, таулы аудандарда түнгі және таңертеңгі сағаттарда – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

ҚР бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, ҚР-ның батысында, оңтүстік–шығысында желдің күшеюі күтіледі.

"Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс-Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады" – делінген хабарламада.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары