Бразилия, Канада және АҚШ-тағы сайлау учаскелері ашылды

Фото: СІМ баспасөз қызметі
Фото: СІМ баспасөз қызметі
Қазақстандықтар Еуропа елдеріндегі сайлау учаскелерінде дауыс беруді жалғастырып жатыр.

Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Мажарстан, Словакия, Франция, Швейцария, Ұлыбритания және Португалиядағы учаскелер жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бразилия, Канада және АҚШ-тағы сайлау учаскелері де өз жұмысын бастады.

Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша шетелде 78 сайлау учаскесі ашылды. Жалпы, осы уақытқа дейін сайлау учаскелеріне келіп, дауыс бергендер саны 4 378 адамды құрады.

Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері жанынан 61 мемлекетте 79 сайлау учаскелері құрылды. Тіркелген сайлаушылардың жалпы саны – 11 402 адам.

Алғашқы болып дауыс беруді Астана уақытымен сағат 3.00-де Токио мен Сеул қалаларындағы отандастарымыз бастады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау