Тікелей эфир

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен 50 тұрғын баспаналы болды

Теректі ауданында 130 үй салынып жатыр.

Көктемгі су тасқыны салдарынан баспанасы жарамсыз деп танылған Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстёпное ауылының 50 тұрғыны баспаналы болды.

Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығы хабарлады.

Жаңа үйлер демеушілер қаржысына салынды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, Теректі ауданында салынып жатқан 130 үйдің 50-нің құрылысы аяқталды. Қалған 80 үйдің құрылысы қыркүйек айына дейін аяқталмақ. Бұдан бөлек, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін Теректі ауданында 30 үй сатып алынып, 395 отбасының баспанасына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғыны Лаура Нысанованың үйі су тасқыны кезінде жарамсыз деп танылды. Бүгін ол жанұясымен бірге қоныс тойын тойлап жатыр.

"Наурыз айының соңында үйімізді су басты. Бір қиындықтың артында жеңілдік тұрады деген шын сөз екен. Бүгін баспаналы болып отырмыз. Жарық, кең үш бөлмелі, үлкен, барлық жағдайы жасалған үйге қол жеткізгенімізге өте қуаныштымыз. Осындай жағдай жасаған мемлекет басшысына алғысымды білдіремін", – деді Лаура Нысанова.

Министрліктің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында 775 үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр, тұрғын үй сатып алу және жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда зардап шеккендерге 130 жеке тұрғын үй салынды, 1 128 үй сатып алынды, 1 321 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары