USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

БҚО-да сот шешімімен 3 456 гектар жер мемлекет меншігіне өтті

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Тексеру нәтижесінде жер учаскесі Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ЖШС-ға берілгені белгілі болды.

Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығына арналған жалға заңсыз берілген 3 456 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлайды. 

БҚО Байтерек ауданы әкімдігіне қатысты жоспардан тыс тексеру барысында құқық бұзушылық фактісі анықталды. 

"Тексеру нәтижесінде жер учаскесі Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, ЖШС-ға берілгені белгілі болды. Атап айтқанда, Кодекске сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы тек конкурс негізінде беріліуі тиіс болса да, конкурс рәсімі сақталмаған. Соған қарамастан, жергілікті атқарушы орган заңсыз қаулы қабылдап, стандартты жалға беру шартын жасасқан. Бұл уәкілетті органның араласуына негіз болды", – делінген хабарламада.

Сондықтан БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жасалған жалға алу шартын жарамсыз деп танып, жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау