USD: 487.3 / 490.3
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

БҚО-да 31 млн теңге жымқырған білім бөлімінің қызметкері 7 жылға сотталды

Сот үкім шығарарда күдіктінің екі баласының барын ескерді.

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық білім бөлімінің бухгалтері 31 млн теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Күдіктінің кінәсі толық дәлелденді. Тергеу барысында ол келтірген материалдық зиянды түгел өтеді.

Прокурор күдікті әйелді 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.


Оқи отырыңыз: Mad Men тобының мүшелері есірткі әзірлеп, оны сатқаны үшін сотталды


"Ақкенже Күшаева ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағындағы қылмысты жасады. Оған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Мүлкі тәркіленбейді. Кәмелетке толмаған 2 баласының бары ескеріліп, жазасы 5 жылға шегерілді. Үкім заңды күшіне енбеді", – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұргүл Қанатбаева.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз