Тікелей эфир

БҚО әкімі өңір кәсіпкерлерімен кездесті

pixabay.com
pixabay.com
Ғали Есқалиев облыстың 5 бағыт бойынша өзге өңірлермен де, мемлекеттермен де бәсекеге түсуге қабілетті екенін айтты.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің кәсіпкерлермен кездесудегі мақсаты – өңір экономикасына оң серпін беретін жобаларға мемлекеттен көрсетілетін қолдаулар мен бизнес ошақтарының табыс көлемін сақтап қалу үшін кәсіп түрлерін әртараптандыру мәселесін қаузау болды.

Соңғы үш жылдың оңай болмағанын айтқан аймақ басшысы қазіргі геосаяси жағдай әсерінен де өңірдің қиын кезеңдерді өткеріп жатқанын атап өтті. Бірақ әр дағдарыс жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Тек соны сәтімен пайдаланып, кәдеге жаратып қалу керектігін жеткізген Ғали Есқалиев облыс 5 бағыт бойынша өзге өңірлермен де, мемлекеттермен де бәсекеге түсуге қабілетті екеніне де тоқталды.

"Қазіргі жағдайда әсіресе шекарадағы өңірлер мен кәсіпкерлер зардап шегіп отыр. Алайда бұл бізге тосқауыл емес деп есептеймін. Әр дағдарыстан туындаған мүмкіндікпен кәсіпкерлер үшін жаңа кезең ашылады. Өткен жылы талдау жасадық. Жаңа инвестициялық жобаларды тарту арқылы бизнес өкілдерімен бірелесе жұмыс жасау тиімді", – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Кездесуде Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысы Жұмагелді Батырниязов кәсіпкерлерді субсидиялауда келесідей шарттар қарастырылған деді.

"Жыл сайын кәсіпкерлерді қолдауға бөлінетін қаражат көлемі ұлғайып келеді. Соңғы 3 жыл ішінде субсидия, кепілдендіру және грант бойынша 8,8 млрд теңге беріліп, облыстағы 1 800 астам кәсіпкерге қолдау жасалды", – деп мәлімдеді басқарма басшысы.

Бұл қаражат президент жарлығымен 2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бөлінген. 

"Даму" қоры БҚОФ арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің банктен алған 9 млрд  243 млн теңге сомасындағы несиесі субсидияланды. ҚР Үкіметінің 2021 жылғы қаулысымен агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында биыл мемлекеттік қолдаудың 8 бағыты бойынша 17 млрд 600 млн теңге қаражат қаралып, төленуде", – деген БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қарағойшин.

Инвестициялық жобалар қорлармен сүйемелденіп, инвесторлаға жер учаскелері ұсынылып жатқанын жеткізді. Гранттарға қол жеткізуге, салықтық, кедендік жеңілдіктер қарастыруға, төмен пайызбен несие алуға жағдай жасалады.

2023 жылы ауыл халқының әл-ауқатын арттыру үшін 2,5 пайызбен несиелеу бағдарламасы іске қосылғалы отыр. Бұл шара президент жолдауы аясында жүзеге аспақ. 2023 жылы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласы үшін мемлекеттен 16,1 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланған.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары