БҚО әкімі еңбек ардагері Асқар Атаевқа құрмет көрсетті

БҚО әкімінің баспасөз қызметі
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Ардагер аймақ басшысына өз қаламынан туған "Тоқсан жылдың түйіні" кітабын тарту етті.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев еңбек ардагері, Жәнібек ауданының құрметті азаматы, М. Ықсанов атындағы қоғамдық қордың төрағасы Асқар Атаевты 90 жас мерейтойымен құттықтады.

Аймақ басшысы ғибратты ғұмыр иесінің еңбек жолына ерекше тоқталып, оның Жәнібек ауданының өсіп-өркендеуіне қосқан елеулі үлесін атап өтті. Абыз ақсақалға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, иығына шапан жапты.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Асқар Қабдолұлы жылдар жүзінде Жәнібек аудандық спорт комитетінің төрағасы, аудандық комсомол комитетінің және партия комитетінің нұсқаушысы, Ұзынкөл кеңшары партия комитетінің хатшысы, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы сынды жауапты қызметтерді абыроймен атқарған. Көпжылдық еңбегі мен ел дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар мәртебелі марапаттарды иеленді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Көрсетілген құрметке ризашылығын білдірген ардагер өңір дамуы жолындағы берекелі бастамаларға сәттілік тілеп, облыс әкіміне өз қаламынан туған "Тоқсан жылдың түйіні" кітабын тарту етті.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз