Музей-қорықты Астананың туристік брендіне айналдыру жоспарланып отыр.
Астана қаласының іргесіндегі ежелгі Бозоқ қалашығының орнында ұлттық археологиялық парктің құрылысы басталды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында хабарлады.
Жоспар бойынша, "Бозоқ" қалашығының орны зор кешенге айналып, ұлттық археологиялық парк бой көтеруі тиіс.
"Біздің мамандар әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, шетелдік әріптестермен бірлесе аталған кешенді туристер үшін нағыз таптырмас орын етуге бар күштерін салады деп сенемін. Алдағы уақытта ол жер Ұлы дала тарихын түгел қамтитын, ұлттық спорт түрлерін насихаттайтын, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтетін кешенді археологиялық паркке айналады. Бір сөзбен айтқанда, болашақ "Бозоқ" еңселі елордамыздың ең танымал туристік брендіне айналуы тиіс", – деп жазды Дәурен Абаев.
Оқи отырыңыз: Елорда іргесінде түркілердің көне жұрты бар. "Бозоқ қалашығы" туристерді қабылдауға қашан дайын болады? Фоторепортаж

Іс-шара барысында уақыт капсуласын кешелек ұрпаққа аманаттайтын символикалық акция өтті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🔸Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі таратқан ақтаулық тұрғын ұсталды
-
209
-
1
-
0
-
-
2Астанада ер адам мұздың астына түсіп кеткен жасөспірімді құтқарып қалды
-
222
-
0
-
0
-
-
3⚡ Павлодар облысында бопсалаушылардың қылмыстық тобы ұсталды
-
221
-
1
-
0
-
-
4Ыстықкөлде фейерверк тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
-
228
-
0
-
0
-
-
5🌨⛄️Қазақстан қашан ақ қарға оранады
-
221
-
0
-
3
-
-
6😳 Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді
-
204
-
0
-
4
-