Тікелей эфир

Боранбаев мемлекетке 134,5 млрд теңге қайтарды – тергеу жалғасуда

Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер салық төлеуден жалтарған деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты тергеу жалғасуда. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің алаңында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлім етті.

Кәсіпкер өтеген жалпы шығын 134,5 млрд теңгені құрайды.

"Ол сотталған іс бойынша барлығы 14,5 млрд теңге көлемінде шығын өтелді. Сонымен қатар, ол өз еркімен 120 млрд. теңге көлемінде шығынды өтеген. Барлығы – 134,5 млрд. теңге. Бүгінгі күні мен оның өтегенін атаймын. Қылмыстық іс әлі жабылған жоқ. Тергеу жүріп жатыр", – деді Жеңіс Елемесов.

Журналистердің «Осы тергеуде Боранбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы бар ма?» деген сұрағына ҚМА төрағасының орынбасары мұның қажеті жоқ екенін атап өтті. Ол сотталған іс аясында қазірдің өзінде шектелген. Қазіргі тергеу бюджет қаражатын ұрлау және салық төлеуден жалтарды деген күдікпен жүргізілуде.


Оқи отырыңыз: Боранбаев мемлекетке тапсырған Астанадағы қонақүйді кім алды


 

Серіктестер жаңалықтары