Боран, көктайғақ, жел: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қазақстанның көптеген облысында боран мен тұман күтіледі.

"Қазгидромет" мәліметінше, 12 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі. Бірқатар облыстарда қар, боран, тұман, көктайғақ және күшті жел болжанып отыр.

Ұлытау облысында түнде қар жауып, боран соғады. Күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған қар күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысында қар мен боран болжануда. Кей өңірлерде тұман түседі. Желдің екпіні 23–28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Қарағанды қаласында да қар жауып, боран соғады.

Павлодар облысында да қар мен боран күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с дейін күшейеді. Павлодар қаласында да осындай ауа райы сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктері мен таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде кей өңірлерде 25 градусқа дейін аяз күшеюі мүмкін. Алматы мен Қонаев қалаларында да тұман мен көктайғақ болжанып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар мен боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр мен қар), боран және көктайғақ күтіледі. Петропавл қаласында желдің екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін.

Абай облысында да қар мен боран болжануда. Семей қаласында желдің екпіні 15–20 м/с болады.

Сонымен қатар тұман мен көктайғақ Түркістан облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Ақмола облысы, Жамбыл облысы және Жетісу облысы аумақтарында да күтіледі.

Астана қаласында қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні 23–28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және ауа райының күрт өзгеруін ескеруге шақырды.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз