Боран, көктайғақ және күшті жел: Қазақстанның 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Қазақстанның басым бөлігінде тұман мен бұрқасын болады.

"Қазгидромет" 17 ақпанға байланысты еліміздің 17 облысында және Астана қаласында дауылды ескерту жарияланғанын мәлімдеді. Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында қар, жаңбыр, бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі.

Елордада түнде аздаған қар жауып, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын түседі. Көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман түсіп, жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз өңірдің батысы, солтүстігі және шығысында аралас жауын жауып, көктайғақ пен боран жалғасады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 23–28 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Жетісу облысының солтүстігі, шығысы және таулы аймақтарында тұман түсіп, жолдар тайғақ болады. Алакөл маңында желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Маңғыстау және Атырау облыстарында да тұман түсіп, желдің күшеюі болжануда. Кей жерлерде екпін 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Өңірдің шығысында жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Кей өңірлерде желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында нөсер жауын мен найзағай күтіледі. Ал Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Қызылорда облыстарында тұман түсіп, көктайғақ қалыптасады.

Синоптиктер тұрғындарды жолда барынша сақ болуға, алыс сапарларды шектеуге және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз