Боран, көктайғақ, тұман: 13 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com
Елдің солтүстігі мен шығысында ауа райы тұрақсыз болады.

13 наурыз күні солтүстік-батыс циклондарының ықпалы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Республика бойынша желдің күшеюі, боран, көктайғақ және тұман күтіледі.

Астанада ауыспалы бұлтты. Түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Жаяу борасын, көктайғақ. Таңертең тұман түседі. Түнде және таңертең жел екпінді. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз -1...+1°C.

Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Ауа температурасы түнде -7...-9°C, күндіз 0...-2°C.

Шымкентте аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Ауа температурасы түнде -7...-9°C, күндіз +6...+8°C.

Ақтауда ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз +10...+12°C.

Ақтөбеде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз +1...+3°C.

Атырауда ашық, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +8...+10°C.

Жезқазғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -7...-9°C, күндіз +1...+3°C.

Қарағандыда бұлтты. Түнде және таңертең аздаған қар, жаяу борасын. Түнде жел екпінді. Ауа температурасы түнде -7...-9°C, күндіз -3...-5°C.

Көкшетауда ауыспалы бұлтты, түнде аздаған қар, жаяу борасын. Жолдарда көктайғақ. Түнде және таңертең жел екпінді. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз -1...+1°C.

Қонаевта ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде тұман. Ауа температурасы түнде -7...-9°C, күндіз 0...-2°C.

Қостанайда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз 0...+2°C.

Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +6...+8°C.

Павлодарда бұлтты. Түнде және таңертең жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу борасын. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз -1...+1°C.

Петропавлда бұлтты. Түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу борасын, көктайғақ. Түнде жел екпінді. Ауа температурасы түнде шамамен 0°C, күндіз -3...-5°C.

Семейде ауыспалы бұлтты. Түнде қар, боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ. Түнде және таңертең жел екпінді. Ауа температурасы түнде -8...-10°C, күндіз 0...-2°C.

Талдықорғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -17...-19°C, күндіз 0...+2°C.

Таразда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Ауа температурасы түнде -7...-9°C, күндіз +3...+5°C.

Түркістанда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз +6...+8°C.

Оралда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +3...+5°C.

Өскеменде ауыспалы бұлтты. Таңертең және күндіз қар, боран. Жел екпінді. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз -1...-3°C.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз