"Бөлінген қаржы жетпейді". Ринат Зайытов айтыскерлер одағын министрлік есебінен қаржыландыруды сұрады

Одақта 250-ге тарта айтыскерлер мен жыршы-термешілер бар.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов пен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа сауал жолдап, айтыскерлер одағын тұрақты ғимаратпен қамтамасыз етуді және мемлекеттен қаржыландыруды ұсынды.

Қазақстанда 2012 жылы құрылған "Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінде 250-ге тарта айтыскерлер мен жыршы-термешілер бар.

"Одақ құрылғаннан бері 110 халықаралық және республикалық, 100-ден астам облыстық және аудандық айтыс өткізілді. 5 рет республикалық жыршы-термешілер байқауы ұйымдастырылды. Алайда, одақтың тұрақты ғимараты жоқ. Мемлекет тарапынан айтысқа бөлінетін қаржы да белгісіз себептермен толық жетпейді. Осы себепті Алматыдан айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағын тұрақты ғимаратпен және мәдениет министрлігі тарапынан жартылай тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуді сұраймын", – деді мәжіліс депутаты.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз