Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының есеп және экономикалық кибернетика факультетін, сондай-ақ Мұнай-газ өнеркәсібі білім беру орталығын тәмамдаған.
Әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясын, "PSA" ЖШС-ін және "Almex Petrochemical" ЖШС-ін басқарды. Сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ-да активтерді басқару жөніндегі директор қызметін атқарды.
2022 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды. 2023 жылдың сәуірінде Президенттің кеңесшісі қызметіне кірісті.
2019-2021 жылдары Kazenergy қауымдастығының бас директоры болды. Ал 2025 жылдың ақпанында Kazenergy қауымдастығының төрағасы болып сайланды.
Болат Ақшолақов: Өз жұмысыма "үш" деген баға беремін