Тікелей эфир

"Болашақ" бағдарламасындағы өзгеріс: Үміткерлер енді тағы бір сынақтан өтуі тиіс

Үшінші турда үміткерлер кемі 500 сөзден тұратын эссе жазуға міндеттеледі.

Қазақстанда "Болашақ" стипендиясын тағайындау ережесін өзгерту жоспарланып отыр. Ең басты өзгерістердің бірі – стипендияға ие болу үшін үміткер өтуі тиіс сынақ кезеңдері 2-ден 3-ке артады. Үшінші кезеңде үміткерлер еркін нысанда эссе жазады

Эссе авторы жазбасында таңдаған саласы мен жоғары оқу орнының артықшылығын және "Болашақ" бағдарламасымен оқу оған не беретінін және оны тәжірибеде қалай қолдануға дайын екенін еркін нысанда жазып шығуы тиіс. Эссе көлемі 500 сөзден аспауы шарт. 

"Кандидаттардың кәсіби және академиялық мақсаттарына объективті баға беру мақсатында, және Республикалық комиссияға неғұрлым негізделген және байыпты шешімдер қабылдауға көмектеседі. Мотивациялық хаттағы негізгі аспекттерді анықтау – таңдалған ЖОО-ны және оның артықшылықтарын сипаттау, сондай-ақ стипендияның қажеттілігінің себептерін көрсету – үміткер мен комиссия арасында мақсатты және сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік береді. Ол үміткердің жеке мақсаттарын, оның кәсіби жоспарлары мен оқуға деген ынтасын көрсететін маңызды элемент болып табылады, бұл үміткердің бағдарламаның маңыздылығы туралы хабардар болу деңгейін және алған білімдерін іс жүзінде қолдануға дайындығын бағалауға мүмкіндік береді", – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің түсіндірме жазбасында. 

Еске салайық, қазіргі таңда үміткерлер екі сынақ кезеңінен өтеді. Біріншісінде олар кешенді тестілеуден өтетін болса, екіншісінде тәуелсіз комиссия мүшелерімен әңгімелесуге қатысады. 


Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары