Құжаттар 2023 жылғы 28 сәуірге дейін eGov порталы арқылы онлайн қабылданады.
3 сәуірде "Болашақ" стипендиялық бағдарламасы аясында конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың екінші легі басталды. Үміткерлердің құжаттары 2023 жылғы 28 сәуірге дейін eGov порталы арқылы онлайн қабылданады.
2023 жылы "Болашақ" бағдарламасы аясында білім алуға 555 стипендия бөлінді:
- магистратура және резидентураға – 395;
- докторантураға – 50 стипендия;
- тағылымдамадан өту үшін – 110 стипендия.
Басым мамандықтар тізіміне 262 мамандық кірді. Үміткерлер робототехника, сервистік платформаларды әзірлеу, жасыл технологиялар, қоғамдық денсаулық сақтау, инклюзивті білім беру сынды еңбек нарығында өзекті мамандықтар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.
"Инженерлік-техникалық және медициналық кадрларға арналған квоталар бекітілді. Енді олар алдымен мерзімі 12 айға дейінгі тілдік дайындықтан өтіп, шетелдік ЖОО-ға жеңілдетілген шарттармен түсе алады. Оларға шақырту тапсыру талабы қойылмайды. Бұл аталған бағыттар бойынша түсетіндер үшін мүмкіндіктерді кеңейтеді. Сонымен қатар биыл үміткерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Енді докторатураға түсетіндерді қоспағанда, кандидаттардың барлығы шет тілі бойынша сертификат тапсыруға міндетті", – деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.
Оқи отырыңыз: 3 сәуірден бастап "Болашақпен" оқуға өтінім қабылданады. Кім және қалай қатыса алады?
Биылғы тағы бір жаңалық – бағдарлама аясында оқытуды қоса қаржыландыру бекітілді. Шетелдік ЖОО-ның грантын ұтып алған үміткерлердің "Болашақ" шеңберінде қосымша қаржыландыруды алуға мүмкіндігі бар. Мұндай стипендиаттар үшін еңбек өтілі 1 жылға қысқартылды.
Еске сала кетсек, биыл алғашқы лекте "Болашақ" стипендиясы 25 қазақстандыққа тағайындалды. Жыл соңына дейін "Болашақ" стипендиясына өтінімдерді қабылдаудың тағы екі легі өтеді:
- 5 маусым мен 7 шілде аралығы;
- 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығы.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
387
-
0
-
0
-
-
2🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
416
-
0
-
2
-
-
3📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
335
-
0
-
0
-
-
4🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
311
-
0
-
0
-
-
5💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
285
-
0
-
0
-
-
6👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
272
-
0
-
0
-
-
7🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
254
-
0
-
0
-
-
8☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
265
-
0
-
0
-
-
9👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
216
-
0
-
0
-
-
10🐏 Қазақша рекорд: Қошқарды 3555 рет көтерген Арыс тұрғыны Қазақстан рекордтар кітабына енді
-
209
-
1
-
2
-