2021 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға 1 055 стипендия бөлінді.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен "Болашақ" халықаралық стипендиясы магистратура, докторантура, резиндентура бойынша оқитын, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілетін 196 үміткерге тағайындалды.
2021 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға 1 055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінген. Қосымша 500 стипендия тағылымдаманың "ғалымдар" жаңа санаты бойынша берілді. Бұл санат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау осы жылғы 4 мамырдан 28 қазанға дейін жалғасады.
Стипендиаттар әлемнің 16 елінің жетекші білім ошақтарында, соның ішінде АҚШ (Гарвард университеті, Колумбия университеті, Массачусетс технологиялық институты), Канада (Торонто университеті), Ұлыбритания (Лондон экономика және саясаттану мектебі, Лондон Империялық колледжі, Лондонның Корольдік колледжі), Жапонияда (Токио университеті) білім алады. Сондай-ақ стипендиаттар қазіргі уақытқа аса қажетті қашықтан оқыту методикасы, жоғары білім берудегі стратегиялық менеджмент және көшбасшылық, университетті басқару, инклюзивті білім беру; медициналық генетика, вирусология, инфекциялық аурулар, эпидемиология, биотехнология, биомедицина; инновациялық менеджмент, цифрлық экономика, жасанды интеллект, мұнай-газ инжиниринг, авиация және аэроғарыш техникасы, атом өндірісі, IT, көлік технологиясы, машинақұрастыру және басқа да мамандықтар бойынша білім алады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-