Блогер Мұрат Әбділдә мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

Үкім 15 күнде күшіне енеді.

Әлеуметтік желі арқылы көпшілікке танылған әуесқой әнші, блогер Мұрат Әбділда бостандыққа мерзімінен бұрын шығады. Бұл туралы заңгер Молдахан Әділетхан әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Өнер иесі әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырғаны үшін сотталған еді. 

Заңгердің айтуынша, соттың қаулысы 15 күннің ішінде күшіне енеді. 

"Достар, сүйінші! Мұрат Әбділда түрмеден шықты. Сот әділ шешім шығарды. Енді соттың үкімі 15 күнде күшіне енеді. Бұл – біздің жұмысымыздың нәтижесі", – деді құқық қорғаушы Молдахан Әділетхан.

Айта кетейік, блогер Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол Instagram-дағы даулы жазбалары мен әнінің салдарынан "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін" 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз